Бакалавриат бағдарламалары
Назарбаев Университетіне оқуға қабылдау бағдарламалары меритократия (merit based) қағидатына негізделеді, бұл үміткерлерді олардың академиялық жетістіктеріне қарай таңдауды, оқуға түсу үшін барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіреді, бұл басқа бір факторлардың әсерінен тыс, ең үздік және дарынды студенттерді таңдауға көмектеседі. Осылайша, Назарбаев Университетінің бағдарламаларына қабылдау талаптары азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, талапкер түлегі болып табылатын білім беру ұйымының мәртебесіне және т.б. қарамастан, барлық үміткерлер үшін бірдей. Сіздің санатыңызға қатысты маңызды күндерді «маңызды күндер» секциясында тексере аласыз.

Талапкерлердің санаттары:

1. NUET талапкерлері;
2. SAT/ACT талапкерлері;
3. IВ Diploma иегерлері
4. A-level/NIS Grade 12 Certificate иегерлері;
5. Халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары;

*Жыл ортасында оқуға қабылдау

Санаттардың талаптары мен сипатамаларын «Пайдалы ақпарат және жылдам сілтемелер» бөлімшесінде «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бакалавриат бағдарламасына оқуға қабылдау қағидалары мен рәсімдері» құжатында таба аласыз.

НУУАДБ түлектері санатынан басқа барлық санаттар талапкерлері www.admissions.nu.edu.kz сайтында онлайн өтінімді жіберу қажет.

Толық ақпаратты алу үшін, сілтемеге өтіңіз: https://nu.edu.kz/admissions/typesofstudy/undergraduate

1 қадам
Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу. Жеке
кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз;

2 қадам
Сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
Жеке кабинетте сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу.

3 қадам
Тіркеу жарнасын төлеу
Тіркеу жарнасы банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.
Тіркеу жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Бакалавриат бағдарламаларына өтінім қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және/немесе ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасының көлемі бекітілген
сомадан үш есеге көтеріледі. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

4 қадам
Тіркелуді аяқтау
“Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Талапкер өтінім нысанын бергеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.

5 қадам
IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеу Жеке кабинетіңізде "IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.

Одан арғы қадамдар
Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтініміңіздің статусы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде қандайда бір қиындықтар болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
17 сәуір 2023 жыл - онлайн өтінімдерді ұсынудың соңғы күні (SAT/ACT талапкерлері, A-level/NIS Grade 12 Certificate бағдарламасының иегер түлектері, IВ Diploma Programme бағдарламасының түлектері, Халықаралық және/немесе республикалық олимпиада жүлдегерлері)
29 желтоқсан 2022 жыл - шетелдік талапкерлер үшін онлайн өтінімдерді ұсынудың соңғы күні

Басқа маңызды күндер: