Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі өмір туралы, қолданбалы ғылымдар бойынша бірлескен фундаменталды зерттеулер жүргізіп олардың өнеркәсіпте қолданылуына ат салысады. Атап айтқанда, 2020-2024 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бес стратегиялық бағыты жүзеге асырылатын болады. Олар:
1) Энергия, материалдар және тұрақтылық,
2) Коммуникациялар, есептеулер және деректерді талдау,
3) Тұрақтылық және салынған жасанды орта,
4) Робототехника және жасанды интеллект,
5) Өндіріс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және денсаулық сақтау үшін озық технологиялар.
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі жоғары нәтижеге ұмтылуды, жеке тұлға мен мекемені құрметтеуді, идеялармен еркін алмасуды және меритократияға негізделген тетіктерді дамыту арқылы оқытушыларды осы стратегиялық бағыттар аясында өздерінің ғылыми қызығушылықтарын жүзеге асыруға ынталандыратын бірлескен зерттеу ортасын қамтамасыз етеді. НУ аясында, ұлттық және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық құпталады және оған қолдау көрсетіледі.
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі зерттеушілері, олардың ғылыми жобалары және зерттеу нәтижелері туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден табуға болады:
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің NU Зерттеу порталындағы парақшасы.