To main content
 

Компьютерлік ғылымдар саласындағы PhD бағдарламасы

Толығымен ағылшын тілінде оқытылатын Компьютерлік ғылымдар саласындағы PhD бағдарламасы (PhD бағдарламасы) компьютерлік ғылымдар мен техниканың кез келген қосалқы саласында академиялық, өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелерінде мансапты жоспарлайтын тұлғаларға алдыңғы қатарлы дағдылар мен күрделі білім беруге арналған. Бағдарлама зерттеу дағдыларының өсуімен бірге есептеу техникасының табиғатын терең түсінуге, іске асыруға және бағалауға бағытталған. Компьютерлік ғылымдар саласындағы PhD  бағдарламасы қазіргі ғылыми қызығушылықтың  Қазақстан үшін маңызды бағыттары жасанды интеллект, жүйелер, деректерді талдау, ақпараттық қауіпсіздік және смарт қалалар сияқты басым салаларға ерекше назар аудара отырып, кең ауқымды қамтиды.

Толыққанды бағдарлама 4 жыл оқуды қамтиды, бұл дәл 48 ай, 8 тұрақты (күзгі және көктемгі) семестр және 4 жазғы семестр. Бағдарламаның ең аз мүмкін ұзақтығы – төрт оқу жылы (8 тұрақты семестр және 4 жазғы семестр). Бағдарламаның жалпы ұзақтығы 6 жылға дейін, 4 жылдан асатын ұзартулар DGPC мақұлдауын талап етеді.

PhD бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер компьютерлік ғылымдар саласында дербес, инновациялық, өзіндік және сапалы зерттеулерді әзірлеп, жүргізе алады. Сонымен қатар, бағдарлама түлектері өндірістік және академиялық ортада университет оқытушылары, аға ғалымдар, инженерлер және өнімді әзірлеушілер ретінде жұмыс істеуге дайындалады.