Электротехникалық инженерия саласындағы PhD бағдарламасы

Толығымен ағылшын тілінде оқытылатын Электротехникалық инженерия саласындағы PhD бағдарламасы (PhD бағдарламасы) электротехникадық инженерия пәнінің кез келген ішкі салаларында академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі мансапты жоспарлайтын тұлғаларға алдыңғы қатарлы дағдылар мен күрделі сарапшылық деңгейдегі білім базасын қамтамасыз етуге арналған. Бағдарлама табиғатты терең түсінуді дамытуға, электротехникалық инженерия принциптері мен қолданбаларын іске асыруға және бағалауға, сонымен қатар зерттеу дағдыларын арттыруға бағытталған. Электротехникалық инженерия саласындағы PhD бағдарламасы қазіргі ғылыми қызығушылықтың  Қазақстан үшін маңызды басым салаларға ерекше назар аудара отырып, кең ауқымды қамтиды, мысалы: энергетика; электроника, сигналдарды өңдеу және байланыс, биомедициналық инженерия, интеллектуалды мехатроникалық жүйелер, есептеуіш техника.

Толыққанды бағдарлама жыл оқуды қамтиды, бұл дәл 48 ай, 8 тұрақты (күзгі және көктемгі) семестр және 4 жазғы семестр. Бағдарламаның ең аз мүмкін ұзақтығы – төрт оқу жылы (8 тұрақты семестр және 4 жазғы семестр). Бағдарламаның жалпы ұзақтығы 6 жылға дейін, 4 жылдан асатын ұзартулар DGPC мақұлдауын талап етеді.

PhD бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер электротехникалық инженерия саласындағы әртүрлі тақырыптарға байланысты тәуелсіз, инновациялық, ерекше және жоғары сапалы зерттеулерді әзірлей алады және жүргізе алады. Сонымен қатар, бағдарлама түлектерді өндірістік және академиялық ортада университет оқытушылары, аға ғылыми қызметкерлер, инженерлер және өнім әзірлеушілері ретіндегі жұмыс істеуге дайындайды.

Year 1: Fall Semester
(*) Course may be waived for NU graduates and replaced by a Level-8 course (core or elective) selected by the student’s supervisory committee and approved by the corresponding departmental committee. (**) All participating schools and departments with Level-8 courses
Year 1: Spring Semester
Year 1: Summer Term
Year 2: Fall Semester

Year 2: Spring Semester

Year 2: Summer Semester

Year 3: Fall Semester

Year 3: Spring Semester

Year 3: Summer Semester

Year 4: Fall Semester

Year 4: Spring Semester

(*) 0 ECTS if thesis is not completed/defended.

Year 4: Summer Semester

(*) 0 ECTS if thesis is not completed/defended.

Зерттеу әдістері мен этикасы

Курс сипаттамасы: Курс ғылыми жұмысты жоспарлау мен оны дамытуды түсінуге көмектеседі,сонымен қатар оқуды, түсіндіруді, жазуды және өздерінің ғылыми-техникалық идеяларын көркем түрде ұсынуды үйретеді.Курс сондай-ақ, зерттеу әдістері мен этикалық принциптерінің алуан түрлілігін көрсететін теория мен мысалдарды оқытады.

Диссертациялық жұмыс

Курс сипаттамасы: Бұл курс ілгерілеу барысын бақылауға және PhD деңгейінде өзіндік, тәуелсіз зерттеулер жүргізуге қажеттітүсініктерді, қабілеттер мен көзқарасты қалыптастыруды үйретеді.Студент(кеңесшінің басшылығымен) семестрдің басында зерттеудің мәселесі, сауалы, гипотеза мен алғышарттарын баяндайтын зерттеу стратегиясы мен эксперименттік тәсілдері,деректерді жинау,түсіндіру және тексеру әдісі мен жоба нәтижелерін басқаларға жеткізу әдісі көрсетілген зерттеу жоспарын әзірлейді. Белгіленген зерттеу жоспары студенттің зерттеу жұмыстарының барысын бағалау үшін негіз ретінде пайдаланылады.

Қазіргі ғылыми әдебиеттер

Курс сипаттамасы: Бұл курс, факультеттің жетекшісімен келісе отырып, студенттің қызығушылық тудыратын тақырыбы бойынша әдеби шолуды дайындауына бағытталған. Студенттер бағыттың жай-күйін жан-жақты қарастыруды және зерттеу саласындағы негізгі кемшіліктерді анықтайды. Сондай-ақ, олар бұрынғы әдебиеттерді критикалық бағалауды және салыстыруды дамытады және жұмысты қағаз түрінде ұсынады.