Механикалық инженерия саласындағы PhD бағдарламасы

Толығымен ағылшын тілінде оқытылатын Механикалық инженерия саласындағы PhD бағдарламасы (PhD бағдарламасы) академиялық, өндірістік және ғылыми-зерттеу орталарында мансапты жоспарлайтын тұлғаларға алдыңғы қатарлы дағдылар мен күрделі сарапшылық деңгейдегі білім базасын қамтамасыз етуге арналған. Бағдарлама табиғатты терең түсінуді дамытуға, механикалық инженерия принциптері мен қолданбаларын жүзеге асыруға және бағалауға, сонымен қатар зерттеу дағдыларының өсуіне бағытталған. Механикалық инженерия саласындағы PhD бағдарламасы қазіргі ғылыми қызығушылықтың Қазақстан үшін маңызды энергетикалық инженерия, биомедициналық инженерия, озық дизайн, өндіріс және бақылау, озық тасымалдау және тұрақты дизайн сияқты басым салаларға ерекше назар аудара отырып, кең ауқымды қамтиды.

Толыққанды бағдарлама 4 жыл оқуды қамтиды, бұл дәл 48 ай, 8 тұрақты (күзгі және көктемгі) семестр және 4 жазғы семестр. Бағдарламаның ең аз мүмкін ұзақтығы – төрт оқу жылы (8 тұрақты семестр және 4 жазғы семестр). Бағдарламаның жалпы ұзақтығы 6 жылға дейін, 4 жылдан асатын ұзартулар DGPC мақұлдауын талап етеді.

PhD бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер механикалық инженерия саласындағы әртүрлі тақырыптарға байланысты тәуелсіз, инновациялық, ерекше және жоғары сапалы зерттеулерді әзірлеп, жүргізе алады. Сонымен қатар, бағдарлама түлектері өндірістік және академиялық ортада университет оқытушылары, аға ғылыми қызметкерлер, инженерлер және өнім әзірлеушілері ретінде жұмыс істеуге дайындалады.
Year 1: Fall Semester

(*) Course may be waived for NU graduates and replaced by a Level-8 course (core or elective) selected by the student’s supervisory committee and approved by the corresponding departmental committee. (**) All participating schools and departments with EQF Level-8 courses
Year 1: Spring Semester

(*) Course may be waived for NU graduates and replaced by a Level-8 course (core or elective) selected by the student’s supervisory committee and approved by the corresponding departmental committee. (**) All participating schools and departments with EQF Level-8 courses
Year 1: Summer Semester
Year 2: Fall Semester

Year 2: Spring Semester

Year 2: Summer Semester

Year 3: Fall Semester

Year 3: Spring Semester

Year 3: Summer Semester

Year 4: Fall Semester

(*) 0 ECTS if thesis is not completed/defended

Year 4: Spring Semester

(*) 0 ECTS if thesis is not completed/defended

Year 4: Summer Semester

(#If not submitted/defended the following semester follows) (*) 0 ECTS if thesis is not completed/defended

Зерттеу әдістері мен этикасы

Курс сипаттамасы: Курс ғылыми жұмысты жоспарлау мен оны дамытуды түсінуге көмектеседі,сонымен қатар оқуды, түсіндіруді, жазуды және өздерінің ғылыми-техникалық идеяларын көркем түрде ұсынуды үйретеді. Курс сондай-ақ, зерттеу әдістері мен этикалық принциптерінің алуан түрлілігін көрсететін теория мен мысалдарды оқытады.

Диссертациялық жұмыс

Курс сипаттамасы: Бұл курс ілгерілеу барысын бақылауға және PhD деңгейінде өзіндік, тәуелсіз зерттеулер жүргізуге қажеттітүсініктерді, қабілеттер мен көзқарасты қалыптастыруды үйретеді. Студент(кеңесшінің басшылығымен) семестрдің басында зерттеудің мәселесі,сауалы,гипотеза мен алғышарттарын баяндайтын зерттеу стратегиясы мен эксперименттік тәсілдері,деректерді жинау,түсіндіру және тексеру әдісі мен жоба нәтижелерін басқаларға жеткізу әдісі көрсетілген зерттеу жоспарын әзірлейді. Белгіленген зерттеу жоспары студенттің зерттеу жұмыстарының барысын бағалау үшін негіз ретінде пайдаланылады.

Қазіргі ғылыми әдебиеттер

Курс сипаттамасы: Бұл курс, факультеттің жетекшісімен келісе отырып, студенттің қызығушылық тудыратын тақырыбы бойынша әдеби шолуды дайындауына бағытталған. Студенттер бағыттың жай-күйін жан-жақты қарастыруды және зерттеу саласындағы негізгі кемшіліктерді анықтайды. Сондай-ақ, олар бұрынғы әдебиеттерді критикалық бағалауды және салыстыруды дамытады және жұмысты қағаз түрінде ұсынады.