Робототехника саласындағы PhD бағдарламасы

Толығымен ағылшын тілінде оқытылатын Робототехника саласындағы PhD бағдарламасы (PhD бағдарламасы) робототехниканың кез келген қосалқы саласында академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу институттарында мансапты жоспарлайтын тұлғаларға озық дағдылар мен күрделі білім беруге арналған. Бағдарлама ғылыми-зерттеу дағдыларының өсуімен бірге робототехниканың табиғатын терең түсінуге, принциптері мен қолданбаларын енгізуге және бағалауға бағытталған. Робототехника PhD бағдарламасы қазірші ғылыми қызығушылықтың Қазақстан үшін маңызды бағыттары интеллектуалды жүйелер, өнеркәсіптік автоматтандыру, адам мен роботтың өзара әрекеттесуі, медициналық және реабилитациялық робототехника сияқты басым салаларға ерекше назар аудара отырып, кең ауқымды қамтиды.

Толыққанды бағдарлама 4 жыл оқуды қамтиды, бұл дәл 48 ай, 8 тұрақты (күзгі және көктемгі) семестр және 4 жазғы семестр. Бағдарламаның ең аз мүмкін ұзақтығы – төрт оқу жылы (8 тұрақты семестр және 4 жазғы семестр). Бағдарламаның жалпы ұзақтығы 6 жылға дейін, 4 жылдан асатын ұзартулар DGPC мақұлдауын талап етеді.

PhD бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер робототехника саласында тәуелсіз, инновациялық, ерекше және сапалы зерттеулерді әзірлеп, жүргізе алады. Сонымен қатар, бағдарлама түлектерді университет оқытушылары, аға ғылыми қызметкерлер, инженерлер және өнім әзірлеушілері ретінде өндірістік және академиялық мансапқа дайындайды.
Year 1: Fall Semester

(*) Course may be waived for NU graduates and replaced by a Level-8 course (core or elective) selected by the student’s supervisory committee and approved by the corresponding departmental committee. (**) All participating schools and departments with Level-8 courses
Year 1: Spring Semester

(*) All participating schools and departments with L-8 courses.
Year 1: Summer Semester
Year 2: Fall Semester

Year 2: Spring Semester

Year 2: Summer Semester

Year 3: Fall Semester

Year 3: Spring Semester

Year 3: Summer Semester

Year 4: Fall Semester

Year 4: Spring Semester

Year 4: Summer Semester

Зерттеу әдістері мен этикасы

Пән сипаттамасы: Курс ғылыми жұмысты жоспарлау мен оны дамытуды түсінуге көмектеседі,сонымен қатар оқуды, түсіндіруді, жазуды және өздерінің ғылыми-техникалық идеяларын көркем түрде ұсынуды үйретеді.Курс сондай-ақ, зерттеу әдістері мен этикалық принциптерінің алуан түрлілігін көрсететін теория мен мысалдарды оқытады.

Диссертациялық жұмыс

Пән сипаттамасы: Бұл курс ілгерілеу барысын бақылауға және PhD деңгейінде өзіндік, тәуелсіз зерттеулер жүргізуге қажеттітүсініктерді, қабілеттер мен көзқарасты қалыптастыруды үйретеді.Студент(кеңесшінің басшылығымен) семестрдің басында зерттеудің мәселесі,сауалы,гипотеза мен алғышарттарын баяндайтын зерттеу стратегиясы мен эксперименттік тәсілдері,деректерді жинау,түсіндіру және тексеру әдісі мен жоба нәтижелерін басқаларға жеткізу әдісі көрсетілген зерттеу жоспарын әзірлейді. Белгіленген зерттеу жоспары студенттің зерттеу жұмыстарының барысын бағалау үшін негіз ретінде пайдаланылады.

Қазіргі ғылыми әдебиеттер

Пән сипаттамасы: Бұл курс, факультеттің жетекшісімен келісе отырып, студенттің қызығушылық тудыратын тақырыбы бойынша әдеби шолуды дайындауына бағытталған. Студенттер бағыттың жай-күйін жан-жақты қарастыруды және зерттеу саласындағы негізгі кемшіліктерді анықтайды. Сондай-ақ, олар бұрынғы әдебиеттерді критикалық бағалауды және салыстыруды дамытады және жұмысты қағаз түрінде ұсынады.